Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентін аралап, аудан орталығының тыныс-тіршілігімен танысты. Олардың қатарында әлеуметтік маңызы бар нысандар, құрылыс жұмыстары бар.

Аудан басшысы алдымен Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия жанынан салынып жатқан спорт зал құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «SCS Инжиниринг» ЖШС жүргізуде. Спорт зал құрылысы жаңа оқу жылына дейін аяқталуы тиіс. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мердігер мекеменің жауапты қызметкеріне құрылысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Мұнан әрі аудан орталығындағы «Өндірістік аймаққа» жол тартып, мұндағы кәсіпкерлердің жұмысымен танысты.

«Тамшы Су» ЖШС 2016 жылдан бері тазартылған ауыз су өндірумен айналысады. Серіктестік директоры Еркін Алданазаров өз кәсібін бастау үшін 8 млн теңге жеңілдетілген несие алған. Қазіргі таңда цехтың қуаттылығы айына 19 мың литр таза су шығарады.

Өндірістік аймақта жақында ғана іске қосылған шағын бетон зауыты сағатына 20 текше метр бетон шығарады. Жеке кәсіпкер Рүстем Мәмбетжанов та жұмысын жандандыру үшін мемлекеттен жеңілдетілген несие алған.

Өткен жылы аудандар арасында алғаш рет ашылған көкөніс қоймасының қуаттылығы 500 тонна. Қазіргі таңда мұнда бақша дақылдары мен көкөністер, жемістер арзан бағада сатылуда.

Кәсіпкерлердің жұмысымен танысқан аудан басшысы оларға әрдайым қолдау көрсетуге әзір екенін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентін аралау кезінде «ҚЭТТК» АҚ Қазалы аудандық электр торабы, «Қазалы теміржол жылу» МКК, «Арал-Сарыбұлақ» мекемесінің №7 насос станциясы, кенттік кітапханаға арнайы соғып, мекеменің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, №204 мектеп пен аудандық аурухананың көне ғимараттарында орналасқан жатақхана тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сонымен қатар құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 4 пәтерлік 10 жалдамалы тұрғын үйлер, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін салынып жатқан тұрғын үйлер,«Аймақаш» мөлтек ауданындағы жаңа кварталдарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, 600 орындық мәдениет үйі мен 250 келушіге арналған емхананы көріп, құрылыс жұмыстарына жауапты мамандармен тілдесті. Бұл нысандар туралы аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай толық ақпарат беріп, құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды.

Тағы да оқыңыз: