Kyzylorda-news.kz. Әйтеке би кентіндегі №204 мектептің жанындағы 4 қабатты жатақханадан өрт шығып, аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің көмегімен дер кезінде сөндірілді.

Өкінішке орай жатақханадағы өрт кезінде 1 жасөспірім қайтыс болды.

Оқиға орнына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен орынбасарлары, аудан прокуроры, төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция бөлімінің басшылары арнайы барып, жағдайды қатаң бақылауға алды. Қазір өрттің шығу себебі төтенше жағдайлар бөлімі мамандары мен полиция қызметкерлері тарапынан анықталып жатыр.

Тағы да оқыңыз: