Kyzylorda-news.kz. Қайырымдылық көмек жасауды игі дәстүрге айналдырған Қазалы аудандық пробация қызметі бұл жолы  «Халық» қоғамдық қорымен және аудандық әлеуметтік бағдарламалар және хал актілер тіркеу бөлімімен бірлесіп, пробация қызметінің есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен төрт отбасыға азық-түлік таратты.

«Халқымызда «Қайырымдылық – қайырлы іс» деген даналық сөз бар. Қоғамдық қорлармен, аудандық әлеуметтік бағдарламалар және хал актілер тіркеу бөлімімен бірлесіп, пробация есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін әкеліп, қайырымдылық көмек көрсетіп келеміз. Жыл басынан 10-нан астам отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Әлеуметтік –құқықтық көмектің нәтижесінде жұмыссыз жүрген 12 сотталған азаматты жұмысқа орналастырылды. Ал бес сотталған мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, жеке кәсібін ашты»,-деді аудандық пробация қызметінің бастығы Е.Сражатов.

Тағы да оқыңыз: