Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын күшейтуге байланысты мәжіліс өтті.

Басқосуға аудан әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы Дәурен Тілеумбетов, аудан прокурорының көмекшісі Алмат Алдабергенов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Кабизов және бірқатар бөлім басшылары, кент және қала әкімдері қатысты. Ал, ауылдық округ әкімдері бейнебайланыс арқылы қатыстырылды.

Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық қорғаныс бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Саянов хабарлама жасап, күзгі мерзімді әскерге шақыруды ұйымдастыру барысы туралы айтып берді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мерзімді әскери қызметке шақыру – Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі бағытында атқарылып жатқан маңызды жұмыстардың бірі екендігін атап өтті. Сондықтан да мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жұмыстарына немқұрайлы қарамай, бұл бағыттағы жұмыстарды ширатуды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: