Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда Қызылорда облысында балық шар­уа­­­­­шылығы саласының алатын орны зор. Өз кезегінде елде балықты қорғауға арналған ауқымды жобалар жүзеге асырылып, өсімін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Облыс аумағында суармалы жерлердің көп бөлігі Сырдария өзенінен келетіндіктен, балық шабақтары күріштік алқаптар мен қашыртқы каналдарда өсіп, жетіледі. Жаз аяқталған соң, егістіктерге жіберілетін су тоқтатылады. Бұл жағдай балық шабақтарының бөлектенген суларда қалып, қырылу қауіпін туындатады.

Осы жағдайлардың алдын-алу мақсатында жыл сайын басқармаға қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері жергілікті жердегі табиғат пайдаланушылармен бірлесіп «Шабақ құтқару» іс-шарасын жүргізіп келеді.

«Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» қызметкерлері табиғат пайдаланушылармен бірлесіп күріштік алқаптардың қашыртқы каналдарынан 20 000 дана балық шабақтарын құтқарып, жергілікті жердегі «Қашқансу» су айдынына жіберді.

Облыс аумағында балық шабақтарын құтқару акциясы қарқынды түрде жүргізілетін болады.

Тағы да оқыңыз: