Kyzylorda-news.kz. 15 ақпан күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне Айтеке би кентінің тұрғыны арызданды.

Арызда кенттегі уақытша жұмыс істемей тұрған балабақшадан белгісіз біреулер тұрмыстық заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге жалпы құны 1 миллион теңгеден аса залал келтірілген.

Аудандық полицейлермен атқарылған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде кенттің 28 жастағы және бұрын сотты болған 35 жастағы тұрғындары анықталып ұсталды. Олардан айғақ заттар алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 баптың 2 бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқыңыз: