Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде автоматтандырылған электрондық емтихан алаңы салынуда. Ол үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржысы бөлінген.

Қазіргі таңда мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Жақын күндері құрылыс жұмыстары толық аяқталып, автоматтандырылған электрондық емтихан алаңы пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін аудан тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін облыс орталығына барып, біршама қиындықтарға тап болатын. Енді ол олқылықтың шешімі табылатын күн алыс емес. Мұнда қазалылықтармен қатар, көршілес Арал мен Қармақшы аудандарының тұрғындары да жүргізуші куәлігіне қол жеткізе алады.

Тағы да оқыңыз: