Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданындағы әлеуметтік нысандарға профилактикалық-дезинфекциялық жұмыстар тұрақты жүргізіліп жатыр. Аталған шара коронавирустық инфекция бойынша қалыптасқан қолайсыз жағдайға байланысты ұйымдастырылып отыр.

Арнайы мамандар аудан орталығындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қ.Пірімов көшесіндегі спорт кешенін, Жанқожа батыр және Қожаназар ишан мешіттеріне залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, мамандар Біржан сал көшесіндегі жатақхана, «Жалаңтөс баһадүр» атындағы орталық стадион, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимараттарына да дезинфекцияла жұмыстарын жүргізуде.

Тағы да оқыңыз: