Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде 2 бірдей спорт алаңының құрылысы басталды. Оның бірі аудан орталығындағы «Достық» шағын ауданында орналасса, екіншісі 5 квартал аймағындағы С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің ауласына салынып жатыр.

Спорт алаңдарының құрылысын бастау үшін аудандық бюджеттен 18,1 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда «Болашақ» ЖШСқұрылыс жұмыстарын бастап кетті.

Айта кетейік, 5 квартал аймағындағы спорт алаңының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса, «Достық» шағын ауданындағы Қазалы гуманитарлық-техникалық колледж ауласындағы спорт алаңының құрылысы келесі жылға өтпелі.

Тағы да оқыңыз: