Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы 150 жылдық тарихы бар Қазалы қаласының аумағы кеңейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы бір елді мекен болып қосылады. Бүгінде аудан орталығын жаңа бас жоспарға сәйкес дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. 441 гектар жерге инженерлік инфрақұрылым желілері тартылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтере бастады. Қазіргі таңда бұл аумақтан 250 орынды аурухана, сот ғимараты, рәміздер алаңы мен саябақ салынды. Аудандық мекемелер ғимараты мен мәдениет үйінің де құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы уақытта 12 көп қабатты тұрғын үй мен бірнеше ірі кәсіпкерлік нысандарының құрылысы басталады деп күтілуде.

«Биылғы жылы Қазалы қаласының 180 гектарының электр желісі, газбен жабдықтау, ауызсумен қамтамасыз ету, жолы аяқталады. Сонымен қатар Қазалы қаласында 81 гектарға жүргізілген жол инфрақұрылымдары да шешімін табады», – дейді Қазалы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қуаныш Жұбатқанов.

Тағы да оқыңыз: