Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың халықпен кездесулері Сарыкөл ауылдық округінен басталды.

Абай ауылдық клубында өткен басқосуда Мұхтар Әуесұлы өткен жылы және биылғы жылдың басынан бері ауданда атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.

Аудан басшысы биыл Қазалыда «Қарлаң» көпірінің құрылысы басталғанын қуанышпен жеткізді. Сондай-ақ, Сарыкөл ауылдық округіне қарасты Жұбан елді мекеніне медициналық бекет салынып, пайдалануға берілгенін айтты.

Алдағы уақытта Абай ауылына көгілдір отын тарту үшін жоба-сметалық құжаттарын дайындауға жұмыс жасалатынын да жеткізді.

Аудан басшысынан соң ауыл тұрғындары сөз кезегін алып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты.
Абайлық ағайындарды негізінен көшелерді асфальттап, жарықтандыру, округке қарасты жайылымдылық жерлерді суландыру сияқты мәселелер толғандырады.

Сондай-ақ, газдандыру мәселесін жеделдету жөнінде ұсыныс айтылды.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындар тарапынан айтылған әрбір ұсыныс-пікір назардан тыс қалмайтынын айтып, сұрақтарға жеке-жеке жауап берді.

Тағы да оқыңыз: