Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы аудандық партия филиалында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау үшін ауданның үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері жиналды.

Жиынды ашқан аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев Президент Жолдауы қоғамның маңызды проблемаларын шешуге бағытталған іс-шаралар кешені екенін атап өтті. Оның ішінде әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жасқа дейін сақтау, студенттерге жылдық 2-3 пайызбен білім несиесін алу, бала күтімі бойынша төлем мерзімін 1,5 жасқа дейін арттыру бағыттарына арнайы тоқталып өтті. Бұл аталған бағыттардың барлығы халықтың әртүрлі жастағы азаматтарына үлкен қолдау екенін ерекше атап өтті. Әсіресе, жастарды қолдау шаралары көптеп кездеседі.

Жиынға қатысқан үкіметтік емес ұйым өкілдері де ел Президентінің Жолдауындағы жарқын тұстарды сөз етіп, ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істерді қолдауға әркез дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар Жолдауды насихаттау бағытындағы кездесулерді өткізуде «AMANAT» партиясының жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын тілге тиек ете отырып, өз алғыстарын білдірді.

Тағы да оқыңыз: