Kyzylorda-news.kz. Қоғамдық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қазалы ауданы орталығы – Әйтеке би кентінің 10 нүктесіне бейнебақылау камералары орнатылуда.

Камера орнатушы мамандардың айтуынша, бақылау камераларының түсіру сапасы өте жақсы. Бұл құрылғылар арқылы аудан полицейлері құқық бұзушылықтардың алдын алады әрі оның салдарын еркін анықтайды. Жаңа камералар арқылы көлік жүргізушілерін де тәртіпке салуға болады. Жарықтың жағылмауы, қауіпсіздік белдігінің тағылмауы, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы – енді бәрі камералардың назарында.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бейнебақылау камераларын орнатушы мамандармен кездесіп, жұмыстың барысымен танысты. Қазіргі таңда қоғам үшін қажетті құрылғыларды сапалы орнатып, тиісті мамандарға тапсыру қажеттігін айтты.

Тағы да оқыңыз: