Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркістан облысында 10 ауылды су басты – Kyzylorda News
Басты бет

Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркістан облысында 10 ауылды су басты

04.05.2020, 10:20

565 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы су тасқынынан 22 мың тұрғынды эвакуацияғанын мәлімдеді.

«Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде» , – деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.

Бұған дейін Мақтарал ауданында 4 ауылды су басқаны белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша, шығын көлемі 404 млн теңгені құрайды.

Еске салайық, 1 мамыр күні Сардоба су қоймасы бөгетінің шайылуы салдарынан Өзбекстанның Сырдария облысындағы елді мекен су астында қалды.

Соның салдарынан Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған.

Мақтааралдағы орталық коллектордан су төгіліп, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті. Облыстық маңызы бар «Мырзакент – Жеңіс – Жаңа тұрмыс» автомобиль жолын су басып, көлік жүре алмай қалған.