Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында Мемлекет басшысы Қордай ауданының тұрғындарымен кездеседі. Бұл туралы ҚР Президенті informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

Мемлекет басшысы «Қордай ауданында орын алған трагедиялық оқиғаның елімізде енді қайталанбауы үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр?» деген сауалға жауап берді.

«Ертең, 1 наурызда Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барамын. Қордай ауданының қазақтар мен дүнгендер тұратын ауылдарының тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отырмын. Біз ұлтаралық, этносаралық қарым-қатынас мәселесіндегі амалдарымызды қайта ой елегінен өткізуге тиісті екендігіміз сөзсіз. Қазақстан достық пен келісім аумағы болды және болып та қала береді. Біздің ұранымыз: сан алуандықтағы бірлік. Осы жерде тұрып жатқан барлық ұлттар, этникалық топтар шындығына келгенде бір ұлт саналады. Шетелді бізді «қазақтар» деп біледі. Өйткені, біздің мемлекетіміздің атауы дәл осы сөзден астасып жатыр», – деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстанда тұрақты тұратын әрбір этностың өзіндік ерекшелігіне нұқсан келтірмеуі тиістігін баса айтты.

Тағы да оқыңыз: