Kyzylorda-news.kz. Атыраулық археологтар қазақтың көрнекті ханы, тарихи тұлға Қасым ханның жерленген орнын анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлы Жібек жолындағы кіндік қала атанған Сарайшықтың ең гүлденгені тұсы Қасым хан есімімен байланысты. Ол кезде шаһарда 50 мыңнан астам халық тұрған. Былтыр атыраулық ғалымдар Санкт-Петербург қаласындағы архивтен Сарайшық қаласының көне сызбасын тапты. Ресейлік зерттеуші- ғалым Алексей Алексеев естелікпен қоса сызба қалдырған. Ол сызбада хан зираты анық көрсетіліпті.

“Алексеевтің 1861 жылғы сызбасында осы жерде әулие-склеп деген белгі қойылған. Бұл жерден «Хан моласы» деген орынды келіп қарағаны айтылады. Оның еңселі кесене, күмбезі жабылған, үш жағында терезе, шығысында есігі бар екені айтылған. Деректерді негізге алатын болсақ, сондай қабырхана ашылып отыр”, – «Хан Ордалы Сарайшық» музей-қорығының археологы Айбек Тұрарұлы.

Тағы да оқыңыз: