Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығы және «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруы мен «Жастар ауылға» еңбек оқыту лагері өтті.

Еңбек лагері-белсенді жастарды еңбекке, кәсіпкерлікке, ел жандылыққа баулуға, жастардың арасында достық қарым-қатынас орнатуға, көшбасшылық қасиеттерді шыңдауға, туған жерге деген патриотизмді нығайтуға және болашақ жас мамандарды ауылға қызмет етуге бағытталған.

Жастар еңбек лагерінде қатысушылар ауыл шаруашылық бөлімінің, кәсіпкерлік бөлімінің, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп сұрақтар қойып пікір алмасты.

Шара соңында жастар арасында түрлі эстафеталар сайысы өткізілді. Эстафета шашка, балық аулау, футбол, хэштег ойындарынан өтіп жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және диплом мен алғыс хаттармен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: