Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында жарқын бастамалар жүзеге асады. Бұл туралы аудан әкімі Мұса Қалдарбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, еліміздегі ерекше экономикалық жағдайға байланысты «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарлама негізінде жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Бүгінде ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар тізіміне бірнеше нысандардың қайта жаңғыртылуы мен жөндеу жұмыстары кіріп отыр.

Мәселен, Төретам кентіндегі бірқатар электр желілерінің 80% тозығы жеткен. Бұл қыс айларында соққан желдер мен борандардың кезінде электр желілері сөніп қалып немесе электрдің кернеуі көбейіп кетіп тұрғындарды әбігерге түсіретін еді.

Осы мәсені шешу мақсатында үстіміздегі жылы тапсырысты облыстық энергетика басқармасы арқылы Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және қайта жаңғырту, Төретам кентіндегі №22 35/10 кВ қосалқы стансасын кеңейту және қайта құрылымдау құрылыс жұмыстары басталады.

Сонымен бірге аудандағы 6 әлеуметтік нысандар, елді-мекендердегі 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, 4 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға, 14 көшеге жарықтандыру жұмыстары, 3 нысанға абаттандыру жұмыстары жүргізіліп 236 тұрақты және уақытша жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

Жосалы кенті мен Төретам кентіне спорттық тренажерлық және стритболдық алаңдарының құрылысы, Төретам кентіндегі 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

«Негізгі қаржы өлкеміздің инженерлік-көліктік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауданымызда тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылып, жұмыссыздық деңгейі төмендейді ауданымыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы жақсарады», – дейді Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбеков.

Тағы да оқыңыз: