Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы әкімдігінде облыстық статистика департаментінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен семинар кеңес өтті.

Семинар кеңеске Қызылорда облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Г.Нұрқабылова және департаменттің түрлі бағыттағы басқарма басшылары қатысты.

Аудан әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен өткен семинар кеңес барысында статистикалық есептерді тапсыру және нәтижелерін шығару, есептілікті тапсырудың оңтайлы жолдарын шешу, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды жоспарлау туралы сауалдар қойылып, қатысушылардың ұсыныс пікірлері тыңдалды. 

Еркін форматта ұйымдастырылған шарада облыстан келген жауапты қызметкерлерге мекемелердің басшылары мен ауылдық округ әкімдері өздерінің сауалдарын қойып, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағытындағы көрсеткіштерді статистикалық көрсеткіштерімен салыстыру жайлы маңызды мәселелер сараланды.

Ауданымыздың даму жоспарын айқындау және болжамдар мен талдау жүргізу барысында статистикалық көрсеткіштер маңызды орын алады.

Семинар кеңесте қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берген облыстан келген мамандар статистика органдарымен жүйелі түрде байланыс орнатып салыстырып отыру қажеттілігі туралы мағлұматтар берілді.

Тағы да оқыңыз: