Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен көктемгі дала жұмыстарына дайындықты пысықтау мақсатында мәжіліс өтті.

Аудан әкімдігіндегі мәжіліске ауданымыздағы шаруашылық басшылары мен ауылдық округ әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Мәжіліс барысында аудандық ауыл шаруашылығы басшысы С. Жолмахановтың хабарламасы тыңдалды.

Былтырғы жылы ауданда негізгі дақыл күріш пен өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдері мерзімінде ұйымшылдықпен жиналғанын айтып өтіп, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы жайлы баяндады. Сонымен бірге биыл егілетін егіс көлемі мен алдағы уақытта атқарылатын жоспарлары жайлы бөлісті.

Жиын барысында ірі шаруашылық басшылары өздерінің ұсыныстары мен сауалдарын қойды.

Аудан әкімі жиынды қорытындылай келе шаруашылық басшыларының сауалдары талданып, алдағы жұмыс барысында назарға алынатындығын жеткізді. Сонымен қатар ауданның экономикасын ілгерілететін кәсіпкерлік саласында жүзеге асырылатын  жобаларға баса назар аудару керектігін және өнімдерді өңдеу бағытында шағын кәсіпорындар ашу жолдарын қарастыру қажеттілігін айтып өтті.

Тағы да оқыңыз: