Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданына қарасты Жаңажол ауылында баспанаға мұқтаж азаматтарға тұрғын үй табысталды.

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков баспаналы болған 2 отбасын құттықтап, жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті.

«Қоғамда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі маңызды орын алады. Бұл ретте бизнес өкілдерінің әлеуметтің осал топтарына бір кісідей жұмылып, еліміздің өркендеуі үшін қызмет атқаруы маңызды. Бүгінгі игі бастамаларды жүзеге асырып ел ықыласына бөленген «Жаңажол» ЖШС алғысымызды білдіреміз», – деді аудан басшысы.

 «Соңғы үлгіде салынған тұрғын үйлер 200 ш/м аумақты қамтиды. Алдағы уақытта да ел игілігі үшін қызметімізді жалғастыра береміз. Бірлігіміз жарасқан ел болып, биік белестерді бағындыра берейік», – деді тұрғын үйге демеушілік жасаған «Жаңажол» ЖШС төрағасы Орынбасар Төлепов.

Сонымен бірге жаңа қоныс иелеріне Қызылорда облысы бойынша «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысындағы өкілі Оңталап Жидебаев пен «Қармақшы Ата» мешітінің бас имамы Жақсыбек Қажы Әбиұлы да сый-сияпат жасады.

Тағы да оқыңыз: