Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында 45 жастағы әйел іздестірілуде. Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова мәлімдеді.
Әйел аудан орталығы Жосалы кентінде 15 тамыз күні сағат 07-00 шамасында Сырдария өзені аумағында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.
Қазіргі таңда Өрт сөндіру қызметінің жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техника және 1 қайық күшімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
«Іздестіру сағат 19.30 шамасында уақытша тоқтатылды. Шара нәтиже берген жоқ. Бұл жұмыстар бүгін, 16 тамызда қайта жалғасады», – дейді баспасөз хатшысы.