Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында 8 жасар ұл бала суға батып кетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.

Оқиға 20 маусымда сағат 16.30 шамасында болған. Ауданның теміржол көпіріне жақын бөлігіндегі Қараөзек каналындағы суға түсуге рұқсат етілмеген аумағында 2013 жылы дүниеге келген ұл бала суға батып кетті. Баланың қасында кәмелет жасына толмаған тағы 6 жасөспірім болған. Олар ересек адамдардың бақылауынсыз қалған.

«Қазір суға батып кеткен баланың денесін іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 6 құтқарушы, 1 техника қатысуда», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: