Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жеңіл көлікті тасымалдап бара жатқан «ГАЗель» эвакуаторы мен жүк көлігі соқтығысып қалды. Салдарынан «ГАЗель» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш оқиға Қармақшы ауданы Ақжар елді мекені тұсындағы республикалық маңызы бар «Шымкент-Самара» тасжолының бойында орын алған. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

«Онда көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі мен көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: