Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Думан» сауда орталығында «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті.

Акция аясындағы жәрмеңкенің басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын қолдау, сондай-ақ халыққа қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну болып отыр.

Жәрмеңкеде мектепке қажетті кеңсе тауралары мен киім-кешектер тұрғындар игілігі үшін арзан бағада сатылды. Сонымен қатар, жәрмеңке аясында аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен аз қамтылған 10 отбасыға қолдау көрсетілді.

Кәсіпкерлердің қолдауына ие болған көпбалалы отбасы мүшелері өз кезегінде ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ мектепке қажетті құралдар мен форманы арзан бағада сатып алған тұрғындар да өз алғыстарын білдірді. Мұндай жәрмеңкелер оқу жылы басында жиі ұйымдастырылуы қажет-ақ. Бұл қымбатшылық кезінде көп отбасыға жеңілдік сыйлайтыны анық.

Қайырымдылық акциясына аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы қатысып, игілікті жұмыстардың іске асуына мұрындық болған кәсіпкер азаматтарға ризашылығын жеткізіп, аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

Айта кетейік, Мектепке жол» акциясы халық игілігіне орай өз жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: