Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы көлемінде “Қарасора-2020″ жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы айында 41 есірткі қылмысы тіркелді.
Оның ішінде есірткі өсірудің 37 дерегі және есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың төрт дерегі анықталды.
“Есірткі өсіргені үшін барлығы 32 адам ұсталса, оның 12-і қамаққа алынды. Оқиға орнынан 15 мың 275 түп сора өсімдігі жойылды. Заңсыз айналымнан 21 келі 378 грамм марихуана және 2 дана атыс қаруы тәркіленді”, – дейді департамент бастығының орынбасары Серік Шалқаров.