Қарашаның 18-і күнгі ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қарашаның 18-і күнгі ауа райы болжамы

18.11.2019, 9:00

252 0

Kyzylorda-news.kz. Қарашаның 18-і күні антициклонның ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің солтүстігі мен шығысының кейбір бөліктерінде ғана қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, елдің басым бөлігінде бүгін жел күшейіп, тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады және жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында боран соғып, көктайғақ болады. Жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Қарағанды облысында және күндіз Жамбыл облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Қостанай облысында көктайғақ болуы ықтимал.

0

Пікір қалдыру