Қарапайым халық білуі керек: Қылмыстық заңнамаға қандай өзгерістер енгізілді? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қарапайым халық білуі керек: Қылмыстық заңнамаға қандай өзгерістер енгізілді?

20.01.2020, 18:20

172 0

Kyzylorda-news.kz. Үстіміздегі жылдың 11 қаңтарынан бастап ауыр және аса ауыр қылмыстардың жекеленген түрлері үшін жауапкершілікті қатаңдататын заң ережелері күшіне енді. Cондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 10 тарауының 69 бабына және Қылмыстық-процестік кодексінің 72 бабына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық сотының судьясы Шолпан Маликова мәлімдеді.

«Заңда жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдатудың ерекшеліктері де қарастырылған. Енді заң бойынша жәбірленушімен татуласу мүмкіндігі жоқ. Бірден қамауға алынады. Зорлаушылардың барлық қылмыстық істері тек сотқа жіберіледі. Заңда зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері орташадан ауыр санатқа ауыстырылды. Бұдан былай мұндай қылмыс жасағанда 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бұдан бөлек, көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жаза күшейтілген. Енді мас күйінде қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылады. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде мас күйінде көлік айдағаны үшін 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаяды»,- деді Шолпан Маратқызы.

Сонымен қатар, сала мамандары мал ұрлайтындардың да жазасы заңда күшейтілгенін атап өтті. Заң жобасы бойынша қомақты айыппұл мен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып ұрлық жасаса, 12 жыл бас бостандығынан айыру көзделген.

Мұнан өзге, Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасына енгізілген өзгерістерден басқа тағы да 14 заңға түзетулер енгізілді.

0

Пікір қалдыру