Қар, көктайғақ, боран – жұма күнгі ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Қар, көктайғақ, боран – жұма күнгі ауа райы болжамы

06.12.2019, 9:00

519 0

Kyzylorda-news.kz. Жұма күні еліміздің солтүстігі мен шығысында шығысында, қалың қар түсіп, боран соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

«6 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде жауын-шашын түсіп, солтүстікте, шығыста және оңтүстіктің кей жерлерінде қалық қар аралас жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында ғана антициклонның ықпалымен күн райы ашық болады. Республиканың кей жерлерінде – тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшейеді. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында 30 м/с және одан аса өтте қатты жел күтіледі»,- деліген ауа райы болжамында.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде 30 м/с және одан аса күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

 Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, коктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

0

Пікір қалдыру