Kyzylorda-news.kz. Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полицияның ғимаратына қарулы шабуыл жасаған 3 азамат ұсталды.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция прокуратура органдарымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 5 қаңтар күні адамдар тобы болып Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған Қызылорда қаласының 3 тұрғынын ұстады. Олар қамаққа алынды. Ұсталғандардан қару тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жалғасуда.

Тағы да оқыңыз: