Kyzylorda-news.kz. Қанат Бозымбаев Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларды табыстау рәсіміне мойнына медициналық бекіткіш тағып келген болатын, деп жазады Sputnik.

 Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек Қанат Бозымбаевтың не үшін қызметінен кеткенін айтты. 

“Министр президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің денсаулығы мен жуырда жасалған операция туралы айтты. Дәрігерлер көлікпен аз жүруге кеңес берген. Ұшақпен ұшуды азайтып, қалпына келу курсынан өту керектігін ескертті”, – деп жазды Нұрлыбек Жеңісбек Telegram-да.

Министрдің өңірлерге жиі барып, салалық нысандар, стансалар мен кен орындарын аралайтыны белгілі. Сондай-ақ, бұл қызмет шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізуді талап етеді.

Энергетика министрі қызметіне байланысты Бозымбаевқа ескерту жасалмаған.

Ол президент жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Тағы да оқыңыз: