Қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы тағайындалды – Kyzylorda News
Басты бет

Қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы тағайындалды

23.09.2021, 17:20

378 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Әзірбек Нұрбек Әзірбекұлы қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Нұрбек Әзірбекұлы 1981 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді.
2002 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану», 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Сырдария ауданы, Ақжарма ауылдық округі әкімі аппаратының маманы қызметінен бастаған.
2008-2009 жылдары Ақжарма ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2009-2015 жылдары Сырдария ауданы, Ақжарма ауылдық округінің әкімі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы;
2015 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

0

Пікір қалдыру