Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «ҚМДБ – қайырымдылық жаршысы» атты республикалық онлайн марафоны өтті.

«Тайқазан» жобасы аясында жүзеге асырылған қайырымдылық шарасы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен бастау алып, еліміздің барлық аймақтарында қолдау тапты.

Осы ретте, ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкілдігіне қарасты мешіт имамдары мен белсенді жамағаттары да игі жобаға өз үлестерін қосып, облыс бойынша 838 тұрмысы төмен отбасыға азық-түлік қоржындарын үйлеріне жеткізіп берсе, жалпы республика бойынша бір мезетте 9 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетілді.

Тағы да оқыңыз: