Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында қарқын бар. Барлық салада біршама оң өзгерістер байқалады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы аудан экономикасын дамытып, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайтуда бірқатар жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Нұртай мәлімдеді.

«Соңғы жылдары ауданда әлеуметтік-экономикалық жағын дамыту бағытында атқарылып жатқан жобалар бар. Мәселен, осы жылдың 1 тамызына түсімдер 9,6 млрд. теңгеге атқарылып, оның ішінде өз кірістеріміз 825,3 млн теңгеге орындалды. 7 ай ішінде өнеркәсіп саласының кәсіпорындары 1,7 млрд теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 1,2 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Жыл соңына дейін ірі жобаның бірі –Ақтөбе ауылындағы «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасын іске қосу басты мәселе болып отыр. Қазіргі таңда құс фабрикасының құрылыс жұмыстарын аяқтау кезеңінде, бюджет есебінен сыртқы инфрақұрылымдарының құрылысы жүргізілген. Құс фабрикасына құрал-жабдықтар алуды мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несиелендіру арқылы жүзеге асырылатын болады», – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Тағы да оқыңыз: