Прокуратура қызметкері парамен ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Прокуратура қызметкері парамен ұсталды

17.04.2021, 18:30

585 0

Kyzylorda-news.kz. Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz

«Прокуратура қызметкерлерінің жемқорлық әрекеттерінің алдын алу жұмыстары аясында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып 16 сәуір күні Байзақ аудандық прокуратурасының қызметкерін ұстады», – делінген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз хабарламасында.

Мәліметтерге сүйенсек, қызметкер айтарлықтай қомақты мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.

Ведомство өкілдері қазіргі уақытта қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, тергеудің қағидаларына байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

0

Пікір қалдыру