Kyzylorda-news.kz. Қармақшы аудандық жастар ресустық орталығында пробация қызметінің есебінде тұрған 18-29 жас  аралығындағы жастармен кездесу өтті.

Кездесу пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамға бейімдеп, олардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетуге, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік дағдыларын үйрету мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге аталған санаттағы 10 жас қатысып, оларға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің, білім бөлімінің мамандары табыс көзін табуға жәрдемдесу, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру бағытында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі бағыттағы кеңестер берілді.

Шара барысында қатысушылар пікір алмасып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.

Тағы да оқыңыз: