Kyzylorda-news.kz. Әйел – отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады.
«Әйел – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген де соны білдірсе керек. Мереке қарсаңында қалалық пробация есебіндегі әйел-азаматшалар да назардан тыс қалған жоқ.
Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Б .Жұмаш , Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиев, ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жамуров, “Probono” қоғамдық қоры есептегі азаматшаларды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Департамент бастығы Ш.Есенкелдиев пробация есебіндегі азаматшаларға өмірде кездесетін қиындықты жеңе білу үшін сарқылмас күш-жігер, қажымас қайрат пен келешекке деген сенімділік, отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін деп жылы лебізін жеткізді.