Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында арнаулы әскери жиын бөлімшесі құрылғаны белгілі. Енді облысымыздағы арнаулы әскери жиынға шақырылғандар немен айналысатыны белгілі болды.

«Әскери міндеттілерді арнайы әскери жиындарға шақыру туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес облыс әкімінің шешімімен 2020 жылдың 7 сәуірінде Қызылорда облыстың аумақтық қорғаныс бригадасының жекелеген бөлімшелері Қызылорда қаласының дезинфекциялық іс-шараларына, сондай-ақ стратегиялық маңызды объектілерді күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында арнайы жиынға шақырылды”, – деп мәлімдеді облыстық Қорғаныс департаментінің баспасөз қызметінен.

Шақырылған әскери міндеттілер нысанды киім-кешекпен, үш мезгіл ыстық тамақпен және басқа да материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Жиындар уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен жалақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен, ал жұмыс істемейтіндерге ең төменгі жалақы төленеді.

Айта кетейік, бұған дейін  арнаулы жиын қатысушыларына әскери шен берілетінін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз: