Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 сәуір 2020 жылғы «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» №296 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен әскери есепте тұрған міндеттілерді зерделеу және іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызылорда қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы Қызылорда облысы әкімінің сұранысына сәйкес, 40 әскери міндеттіні арнайы әскери жиындарға шақыртады. 2020 жылғы 7 сәуірден бастап әскери міндеттілер Қызылорда қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының медициналық куәландыру комиссиясынан өткізілетін болады», – делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, Қызылорда облысында арнайы әскери жиындар 8 сәуірден 8 мамырға дейін өткізілетін болады.

Туындаған сұрақтар бойынша Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Call-центр орталығына мына телефон бойынша хабарласауға болады: 24-73-38.

Тағы да оқыңыз: