Kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында тағы да бір маңызды мәселені атап өтті.

«БҰҰ алдағы 10 жыл ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп болжам жасап отыр. 2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл аса маңызды міндет. Үкімет су пайдалануды реттеу және үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуге тиіс. Су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды 120 каналды қайта жаңғыртуға кірісеміз. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында 9 су қоймасы салынады. Бұл ауқымды жоба. Бірақ біздің қолымызда қажетті ресурстың барлығы бар», – деді Президент.

Тағы да оқыңыз: