Kyzylorda-news.kz. Ел қорғаны тәртіп сақшыларының қызметі халықтың сенімі арқылы өлшенеді. Халық көкейіндегі мәселелерді шешу және олардың конституциялық құқықтарының қорғалуы Полиция департаментінің басты назарында.

Азаматтарды жеке қабылдау мәселесі – полиция қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау барысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауда. Әрбір келіп түскен өтініш назардан тыс қалмайды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев үш азаматты жеке қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар әкімшілік және қылмыстық істер бойынша мәселелер қозғап, өз пікірлерін білдірді. Көтерілген барлық уәжі назарға алынып, сол істердің аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Облыстық полиция департамент бастығының орынбасарына, Тергеу басқармасының, Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ қылмыстық, әкімшілік істердің тергеп-тексеруі басшы құрамның бақылауында болатындығы ескертілді.

Азаматтардың әрбір өтініші бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға міндетті түрде жазбаша түрде жауап қайтарылатын болады.

Тағы да оқыңыз: