Kyzylorda-news.kz. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар үшін SMS-хабарлама сервисін іске қосты.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап пойыздардың екі сағаттан астам кешігуі туралы SMS-хабарландыру жүйесін іске қосылғанын хабарлайды.
Хабарламалар BILET.RAILWAYS.KZ сайтына тіркелген пайдаланушыларға және кассаларда билет сатып алу кезінде өздерінің байланыс деректерін қалдырған жолаушыларға түседі.
«Жолаушылардан жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде өздерінің дұрыс байланыс мәліметтерін көрсетуді және оларды үнемі жаңартып отыруды сұраймыз» делінген «Қазақстан темір жолы» АҚ таратқан мәліметте.