Kyzylorda-news.kz. Қызылордада полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен бұрын сотталған 43 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Бұл әйел «билік органдарында кең байланыстарым бар деп» 2019 жылдың сәуір айында өзінің танысына 3 бөлмелі пәтер алуға көмегін ұсынып, одан 700 000 теңге сомада ақша алған. Осылайша ол бүгінгі күнге дейін уәделерін орындамаған.

«Жәбірленуші уәде етілген баспана мен ақшасын ала алмаған соң, 9 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арыз берген. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: