Kyzylorda-news.kz.  Соңғы күндері облысымызда жаппай тәртіпсіздіктерден кейінгі жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен, қауіптің беті толықтай сейілген жоқ. Қазір облыс аумағында 28 блок-бекет жұмысы ұйымдастырылған.

Қалаға кіретін әрбір көлік тексеріледі. Әскери техника сақадай – сай. Күндіз-түні қоғам қауіпсіздігін күзететін әскери қызметкерлер мен полицейлерге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Қиын сәтте облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары құқық қорғау қызметкерлеріне қолдау білдірді.

«Бүгін біз қаланың кіре берісінде орналасқан блок-бекеттердің екеуіне бардық. Мұнда қызметтерін мүлтіксіз атқарып тұрған сақшыларға ыстық тамақ жеткіздік. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сындарлы сәтте халықты қорғай білді. Тыныштықты күзете алды, біз өз тарапымыздан алғысымызды білдіреміз», – деді облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Аман Тұрсынов.

Тағы да оқыңыз: