Оқушы мен мұғалім кері байланысты Kundelik, Bilimal, Mektep жүйелері арқылы орнатады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Оқушы мен мұғалім кері байланысты Kundelik, Bilimal, Mektep жүйелері арқылы орнатады

26.03.2020, 17:20

112 0

Kyzylorda-news.kz. Елімізде мектеп оқушыларына арналған 200-ге жуық телевизиялық сабақ дайын.

«Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады. Телевизияға 2 мыңнан астам сабақ түсіріледі. Қазіргі таңда 200-ге жуығы дайын. Бұл ресурстардың барлығы педагогке қосымша ақпарат болып табылады. Негізгі қашықтан оқыту процесі әр мектепте жасалған сабақ кестесіне сәйкес өтеді. Сабақтың өткізу ұзақтығы – 30 минут. Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байланысты Kundelik, Bilimal, Mektep жүйелері арқылы орнатады. Барлық методикалық нұсқаулықтар дайын», – деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Айта кетсек, 6 сәуірден бастап оқушылар үшін EL ARNA және Balapan телеарналарынан видеосабақтар көрсетіледі.


«Хабар 24»

0

Пікір қалдыру