Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылар қанша ақша алады? – Kyzylorda News
Басты бет

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылар қанша ақша алады?

11.12.2019, 16:40

741 0

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылы Қазақстанның бес облысы ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жобаға сәйкес, аймақтарға өз еріктерімен көшкен адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету үшін барлығы 1,6 млрд теңге бөлінді.

Ең көп сома Павлодар облысына келеді – 702,4 млн теңге. Бұл көлемнен шамамен екі еседей төмен қаражат Солтүстік Қазақстан облысына бөлінеді – 382,2 млн.

Сондай-ақ, Қостанай облысына 256,8 млн теңге, Шығыс Қазақстанға – 237,1 млн теңге беріледі. Ең аз қаржы Ақмола облысына деп жоспарланған – барлығы 24 миллион теңге.

Бұдан бөлек, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарға республикалық бюджеттен үш есе көп қаражат бөлінеді – 4,6 млрд теңге. Аталған қаржы жастарды қолдауға, аз қамтылған көп балалы отбасылардың мүшелері мен аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерді қолдау үшін де қарастырылған.

Сонымен қатар, жалақы мен жастар практикасын ішінара субсидиялауға 12 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде Түркістан облысына – 3 млрд, ал Қызылорда облысына – 1,2 млрд теңге бөлініп отыр.

0

Пікір қалдыру