Kyzylorda-news.kz. Татарстанның Қазан қаласындағы гимназияға белгісіз біреулер оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде мектептің ішінде түсірілген видеолар тарала бастады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Татарстан президенті Рустам Минниханов төрт ұл мен үш қыздың қаза тапқанын хабарлаған. Барлығы – 8-сыныптың оқушылары. Бұдан бөлек, бір мұғалім оққа ұшқан. Ал шұғыл қызметтердің ақпараты бойынша 11 адам қаза тапты. Екеуі үшінші қабаттан секіріп өлген.

Бүгін екі адам Джаудат Файзи көшесінде орналасқан №175 мектепте оқ жаудырды. Біреуі қолға түсті. Ал екіншісін арнайы операция кезінде атып тастады. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Қазан қаласында контртеррористік операция режимі енгізілді. 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды.

Тағы да оқыңыз: