Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда ұйым өкілдерінің айтуынша, қорытынды жасауға әзір ерте. Жаңа штамның адамнан адамға қаншалықты тез жұғатынын және оның қаншалықты ауыр болатынын толық білу үшін бірнеше апта керек. Осы мезгілде омикрон штамын жұқтырғандар жазыла бастайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирустың осы омикрон штамынан әлемде қазірге дейін ешқандай өлім-жітім тіркелмеген.

Айта кеткен жөн, өткен айда Африка құрлығынан анықталған омикрон бүгінде 40-тан аса елде расталды.

Тағы да оқыңыз: