Kyzylorda-news.kz. «Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап OLIMP.KZ лицензияның тоқтатылуына байланысты ставка қабылдай алмайды», – делінген букмекерлік кеңсесінің хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы прокуратурасы «Олимп» букмекерлік кеңсесінің 145 млрд теңге салықтық берешегі бар екендігін анықтады. Сондай-ақ, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны да хабарланды.

Тағы да оқыңыз: