Ольга Шин: Қазақ халқы қонақжайлылығымен ерекшеленеді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Ольга Шин: Қазақ халқы қонақжайлылығымен ерекшеленеді

26.02.2020, 15:00

155 0

Kyzylorda-news.kz. Соғыс жылдарында менің ата-анам да, корей отбасыларымен бірге Қиыр Шығыстан Сібірге – Краснояр өлкесіне, Хакас автономиялық республикасының Черногор қаласына жер аударылған болатын. Әжем өз әңгімесінде оларды олардың осы жаққа дейін қалай жеткендігі жөнінде, ызғарлы суықтың кесірінен жол үстінде туыстарының ауырып, суық пен аштықтан қайтыс болғандығын айтып отыратын. Мен сол әңгімелерді ешқашан ұмытпаймын.

Менің туыстарым соғыстан кейінгі уақытта, Қазақстанға қоныс аударғанға дейін көп қайғы-қасірет шеккен еді. Әкем үнемі жаман халық болмайды, тек озбыр билік болатынын айтатын. Ол әрқашан «Қазақ елінде өмір сүріп жатқанымыз – біздің бақытымыз» деп айтып отыратын.

Уақыт өте келе, есейген сайын ата-анамыздың айналадағы адамдар туралы айтылған пікірін жиі еске аламыз. Менің де ата-анам үнемі қазақ халқына сыйластығы мол екенін, ерекше ілтипатпен қарайтынын айтып отыратын. Оған, әкемнің мына сөздері дәлел болмақ. «Қай қазақтың үйіне барсаңда, ол сені құшақ жая қарсы алады. Сен аш қалмайсың» деп айтып отыратын. Расыменде, қазақ халқы өзінің қонақжайлығымен ерекшеленіп тұрады. Сондықтан да болар халық Ассамблеясы тек Қазақстанда ғана бар. БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірибесін жаһандық деңгейде зерделеуді ұсынды.

1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні көктемді осындай тамаша дәстүрде бастағанымыздың символдық мәні бар. Осы күні біздерге құшағын жайған қазақ халқына айтар алғысымыз көп.  Біздің елімізде ешқашан соғыс пен ұлтаралық қақтығыстар болмасын, бейбітшілік пен достықтың туы желбірей берсін.

Ольга Григорьевна Шин,

Н.Илялетдинов атындағы №169 орта мектеп

директорының тәрбие ісі жөніндегі директоры

0

Пікір қалдыру